Депутат Мақаншы ауданының қайта құрылуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді

4 Шілде 2023, 16:48
1173
Бөлісу:
Депутат Мақаншы ауданының қайта құрылуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді
Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов халықпен кездесуін Абай облысының Мақаншы ауылынан бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде депутат Мемлекет басшысы Мақаншы ауданына назар аударып отырғанын айтты.

Президентіміз Ұлттық Құрылтайда Мақаншы ауданын қалпына келтіру туралы шешім қабылдағаны белгілі. Мақаншының әлеуеті мықты. Өңірде туризм, кен өндірісі, Қытаймен шекарадағы кеден бекеті арқылы сауда-саттық жақсы дамыған. Мақаншы ауданын жеделдетіп қалпына келтіру мақсатындағы жұмыстарға біз де өз құзіретіміз шеңберінде ықпал ететін боламыз, – деді Нұртай Салихұлы.

Тұрғындар ауылшаруашылығына, соның ішінде мал өсіруге, егін егуге, инфрақұрылымды дамыту, көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтарды көтерді.

Депутат Мақаншы ауданының қайта құрылуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді

Одан әрі Нұртай Сабильянов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Осы күні депутат Үржар ауданына жұмыс сапары аясында Малақ ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысымен танысты.

Депутат Мақаншы ауданының қайта құрылуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді

Су құбыры желісі 8,933 шақырым, тереңдігі 55 метр. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмысын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. 

Депутаттың кездесуі одан әрі Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу, Айтбай, Таскескен ауылдарында, Ақсуат ауданының Қызыл-Кесек, Құмқөл, Танамырза ауылдарында, Көкпекті ауданының Көкпекті, Шәріптоғай, Шұғылбай, Биғаш ауылдарында, Жарма ауданының Шар қаласы, Қалбатау ауылдарында, Аягөз ауданының Тарбағатай, Сарыарқа, Қарағаш, Малкелді, Баршатас, Байқошқар ауылдарында, Абай ауданының Қарауыл, Архат, Қасқабақ ауылдарында, Семей қаласында жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы