Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Депутат корпоративтік жеке табыс салығын көтеруді ұсынды

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
9 Сәуір 2025, 14:23
882
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев корпоративтік жеке табыс салығын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Үкімет жеке тұлғалардың кірістерінен алынатын жеке табыс салығы бойынша прогрессивті шкала енгізуді талқылаған болатын. Алайда қызу пікірталас болғанына қарамастан, енгізілген заң жобасында бұл тәсіл қарастырылмаған. Мен әлеуметтік әділдікті арттыру, табысты қайта әділ бөлу және табысы барынша жоғары адамдардың мемлекеттік бюджетті толықтыруға қосатын үлесін ұлғайту мақсатында неғұрлым жоғары кірістердің соғұрлым салық төлеуі тиіс деп санаймын.

Кодексті пысықтау кезінде түрлі ұстанымдар мен мөлшерлер ұсынылған.

Осыған қатысты сіздің ұстанымыңызды білгім келеді. Егер прогрессивті шкала енгізуді қолдайтын болсаңыз, онда сіз жеке табыс салығы ставкаларының қандай мөлшері оңтайлы деп санайсыз? Банк секторлары, ойын бизнестері корпоративтік табыс салығы бойынша 20%-ды 30%-ға көтеру бойынша түзету ұсынған болатынмын. Бірақ ол Үкіметтің қорытындысында жатыр, әлі жауабын алған жоқпын, - дейді депутат.

Қырықбаевтың сөзінше, мұндай түзету үлкен табыс алып келеді.

Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салықты бұл секторларға көтеру қажет деп есептемейді.

Жаңа айтқанымдай, айлықтың 3 млн теңгесінен бастап жеке табыс салығының деңгейі болады. 3 млн теңгеге дейін 10%. Ал корпоративтік табыс салығына келсек, нақты секторға қаржы құятын банктерге 20%, кредит берушілерге 25%. Оны әрі қарай көтеру қажет деп есептемеймін. Себебі банктер қазіргі нарықтағы маңызды, пайдалы салық төлейтін субъектілер. Яғни салық төлейтін үш ірі субъектінің бірі – осы банктер. Оны әрі қарай көтеру табысты тығып, көлеңкеге жіберуі мүмкін, - деп түсіндірді ол.

Өзгелердің жаңалығы