Депутат фонограммаға тыйым болса, Димаш сияқты таланттар көбейетінін айтты

Бөлісу:
Депутат фонограммаға тыйым болса, Димаш сияқты таланттар көбейетінін айтты
Фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Еділ Жаңбыршин Ұлттық құрылтай аясында өткен секцияда фонограммаға тыйым салу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз фонограммаға тыйым салуымыз керек. Халықты алдамауымыз керек. Халықтың алдына шыққан әнші, әртіс жан дауысымен айтуы қажет. Себебі халық оған ақша төлеп, оның дауысын тыңдауға келіп отыр. Сондықтан әнші айтатын әнін жанды дауыспен айтқаны дұрыс, - дейді депутат.

Сонымен қатар Жаңбыршын әншілер жанды дауыспен ән айтса, шынайы таланттар табылатынын қоса кетті.

Фонограммасыз ән айтса, онда біз шынайы таланттарды таба аламыз. Димаш сияқты дауысы бар, әртүрлі тембрде айтатын, компьютермен әрленбеген шынайы дауыспен айтатын таланттарды шығара аламыз. Осылайша дәстүрлі әртістерді сахнаға шығара аламыз, оларға сұраныс та артады. Себебі олар әрқашан жанды дауыста айтады, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Оның сөзінше, депутаттар фонограммаға тыйым салу бойынша министрлікке норма берген.

Өзгелердің жаңалығы