Депутат дабыл қақты: Оқушылар тапсырманы ChatGPT-ге салып отыра береді

Бөлісу:
Депутат дабыл қақты: Оқушылар тапсырманы ChatGPT-ге салып отыра береді
Фото: instagram/daulet_mukayev

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жасанды интеллект туралы заңды талқылағанда ЖИ-ді оқушыларға қолдануға тыйым салу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Технологияның дамығаны жақсы, бірақ уақыт өте келе мұның бәрі миымыздың шектеуіне, оның ойланбауына алып келетін процесс секілді. Тіпті қазірдің өзінде мектеп оқушылары арасында ешқандай тапсырманы орындамай, ChatGPT-ге салып, тапсырманың барлығы осы екен деп отыра береді, - дейді депутат.

Мұқаев мектеп жасындағы оқушыларға шектеулер қоюылуы керек деп санайды.

Мектеп жасындағы балаларға қандай да бір шектеу қойылуы керек. Егер шектеу қойылмаса, ертеңгі күні оқушыларымыз студент болады және олар еңбек нарығына араласқан кезде соның зардабын 20 жылдан кейін көреміз. Бұл елімізге келе жатқан үлкен қауіптің бірі, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы