Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Қазақстанның балық шаруашылығына шабуыл жасалып жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілісмен осы мәселеге қатысты сауалын Бас Прокуратура мен Қаржы агенттігіне жолдады.
2023 жылдың қазан айынан бастап, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Атырау облыстарының барлық жерінде балық өнімдерін өңдейтін тоғыз зауытқа қарсы негізсіз қылмыстық істер қозғалған. Заводттардың барлығы өнімді экспортқа шығарушы. Яғни, бухгалтериясы ашық, шыққан өнім кеден арқылы бақыланып отырады, - дейді Сайыров.
Оның айтуынша, отандық балық өнеркәсібі саласы 1300-ге жуық балық шаруашылығының субъектілерінен тұрады, аталған салада және еншілес кәсіпорындарда 500 000-ға жуық адам жұмыс істейді.
Балық өнеркәсібі саласы - Қазақстанның дайын өнімді экспорттауға бағытталған бірден-бір экономикалық бағыты. Балықшылар өңделген балық өнімдерін ЕО, Қытай, ТМД елдеріне, Таяу Шығыс елдеріне, 36 мемлекетке экспорттап отыр. Өткен жылдары шет елге өңделген шортан, сазан, судак тәрізді балықтарының 30 мың тоннаға жуық өнімі экспортталған, - дейді Ерлан Сайыров.
Депутаттың айтуына қарағанда, еліміздің ішкі жалпы өнімін экспорттық тауарлармен толтырып отырған экономика саласының кәсіпорындарына Қаржы мониторингі салық төлеуден жалтырды деген екі ұдайы айыппен қылмыстық іс ашып қойған.
Мемлекетке салық төлеп, мыңдаған азаматты жұмыспен қамтып отырған 9 заводтың бүкіл бухгалтерия, іс жүргізу құжаттары тәркіленген, заводтар жұмысын тоқтатқан.
Қаржы мониторингі агенттігіні әрекеттері еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып отырған экономика саласының жұмысын толық тоқтатуға алып келуі ықтималы жоғары. Яғни мемлекетке төленіп отырған салық тоқтап, балық өнеркәсібі, еншілес кәсіпорындарда істейтін мыңдаған азаматтың жалақысының төленбей, заводттардың өздеріне шет елден өнімді уақытында жеткізбегені үшін штрафтық санкциялардың келу қаупі төніп тұр, - дейді ол.
Сайыровтың сөзінше, «шаш ал десе, бас алатын» тексерушілер мен негізсіз тексерулерден балықшыларды арашалап қалуымыз керек. Балықшыларға шабуыл кейбір экономикалық күштердің рейдерлік әрекеттері де болуы ықтимал.
AMANAT фракциясы Қазақстанның экспортын қалыптастыратын экономика саласын тұқыртпай, керісінше дамыту қажет деп есептейді.
Ол үшін:
- Бас прокуратура Қаржы мониторингі агенттігінің балық заводтарын тексерудерінің заңдылығын анықтауы қажет және қылмыстық істің ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
- Қаржы мониторингі агенттігінің ашқан қылмыстық істеріне тез арада қажетті құқықтық баға беріп, қарастырылып отырған істерді заң аясында әділетті тоқтатуды қажет.
- Бас Прокуратура Құқық қорғау органдарының экономика субъектілеріне жөн-жосықсыз шеңгел қолдарын соза беруін тоқтатуы тиіс.
- Бас Прокуратура Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарға отандық бизнесті күштеуді тоқтату жөніндегі тапсырмасын толық орындалуын қамтамассыз ету маңызды.