Қарақұсова атаулы әлеуметтік көмек алушылардың көбейгеніне таңқалды

3 Қазан 2019, 12:53
3587
Бөлісу:
Қарақұсова атаулы әлеуметтік көмек алушылардың көбейгеніне таңқалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарақұсова атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны артқанына таңқалды.

«Бюджеттің өзгеруі болғандықтан шын мәнінде ұзақ қаралмайды, өйткені бөлінген ақшаны игеру керек. Мен өзім барлық ақшаны есептеймін. Бірақ бізде мүлдем теңдесі жоқ жағдай бар. Қазақстан тәуелсіздігінде дәл мұндай атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын адамдар саны ешқашан болмаған. 1 млн 800 мың адам дегеніміз 2 млн дерлік. Бізде еңбек етуге қабілетті 8 млн адам ғана бар. Бұл ақша – салық төлеушілердің ақшасы», - деді Қарақұсова 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасын талқылау барысында.

Ол 2007 жылы АӘК алушылар саны бүгінгіден бірнеше есе аз болғанын айтты. 

«2007 жылы біз кеткенде, министр ретінде кеткенімде жағдай басқаша болды. Жұмыс орны, ақша болмады, бірақ біз бұл санды 1,5 млн адамнан 500 мыңға дейін жеткіздік. Ауқымды жұмыспен қамту бағдарламалары жұмыс істеген кезде не болды? Біз «Атамекенге» оқуға, қайта оқытуға және шағын несиелерге ақшаны бере бердік. ИИДМБ-ның екінші бесжылдығында 1200 кәсіпорын аштық. Жалақыны көтере береміз. Не болды? Бұл үшін кім жауап береді? Маған жұмыс тобына есеп беріңіз: бірінші, тиімділігі туралы біз бірнеше рет мәселе көтерген жұмыспен қамту бағдарламасына қанша қаражат жұмсалды? Екіншіден, осы кезеңде қанша шағын несие берілді? Талдауды өзіміз жасап аламыз», - деп сөзін түйіндеді депутат.

Өзгелердің жаңалығы