Депутат: ӘМСҚ айналасындағы дау медицинаға деген сенімге әсер етеді

Айна Мүсірәлімованың айтуынша, теріс ақпарат денсаулық сақтау жүйесінің имиджіне соққы береді.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 15:25
Бүгiн 2026, 15:25
289
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Мәжіліс депутаты Айна Мүсірәлімова Қазақстандағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) айналасындағы дағдарыстар азаматтардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін айтарлықтай деңгейде төмендетіп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, ӘМСҚ жүйесіндегі дағдарыс сенімге әсер етеді.

ӘМСҚ-мен байланысты даулар… Барлығының құлағында жүр, ешкімнің көңілін бұзғым келмейді. Бұл әрқайсымызға өте ауыр әсер етеді. Теріс ақпарат денсаулық сақтау жүйесінің имиджіне соққы береді. Нәтижесінде халық ешкімге сенбейді, - деді депутат Астанада өткен Қазақстанның фармацевтикалық саясатына арналған форумда сөйлеген сөзінде.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялар 2026 жылдың қаңтарынан бастап енгізілген жаңа салықтар қолданыстағы дәрі-дәрмекке белгіленген шекті бағаларда ескерілмей отырғаны туралы жаздық. Айта кетерлігі, шекті бағалар былтыр Салық кодексіне өзгерістер енгізілмей тұрып бекітілген. Ал қазір фармкомпаниялар қосымша шығынға ұшырап отыр. Кейбір препараттарға 5% ҚҚС, ал фармацевтикалық қызметтерге 16% салық енгізілген. Бірақ олар бұл шығындарды бағаға қоса алмайды.

Наверх