Депозиттердің мамыр айындағы максималды мөлшерлемелері жарияланды

31 Наурыз 2021, 13:25
1119
Бөлісу:
Депозиттердің мамыр айындағы максималды мөлшерлемелері жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚДКБҚ депозиттер бойынша 2021 жылдың мамырына максималды мөлшерлемелерді жариялады. 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың мамыр айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткендігін хабарлайды.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі деңгейінің сақталуына байланысты қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. Мөлшерлемелері нарыққа тәуелді 24 айға арналған жинақ салымдарды қоспағанда, ұзақ мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер де өзгерген жоқ. Ал 24 айға арналған жинақ салымдар бойынша мөлшерлемелердің шамалы азаюы олар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің теріс серпінінің сақталуына байланысты орын алды, - делінген хабарламада.

Депозиттер санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

Сәуір 2021

Мамыр 2021

Сәуір 2021

Мамыр 2021

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

6 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

12 ай

10,3

10,3

10,7

10,7

24 ай

9,1

9,1

9,4

9,4

Жинақ депозиттер

3 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

6 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

12 ай

12,3

12,3

14,0

14,0

24 ай

11,1

10,9 q

12,6

12,4 q


Өзгелердің жаңалығы