Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰЕУ өкілдері ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады

15 Қазан 2023, 04:35
654
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰЕУ өкілдері ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады
Фото: gov.kz

Қазақстанның ХІ Азаматтық форумы қарсаңында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтың төрағалығымен денсаулық сақтау саласындағы ҮЕҰ-мен кездесу өтті, ол ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландырудың басым бағыттары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға денсаулық сақтау саласындағы ҮЕҰ өкілдерімен қатар "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы"КеАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 50-ден астам адамды құрады.

Тимур Сұлтанғазиев кездесуге қатысушыларға ведомствоның азаматтық қоғаммен ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Кездесудің бастамашыл қатысушылары гранттық қаржыландыруды іске асыру үшін өзекті тақырыптар бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КеАҚ өкілдері үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау тәртібін атап өтті. Сондай-ақ гранттық қаржыландыруды іске асыру кезеңдері түсіндірілді.

Өзгелердің жаңалығы