Денсаулыққа зиян келтірместен күніне қанша жұмыртқа жеуге болады

2 Сәуір 2021, 22:01
4367
Бөлісу:
Денсаулыққа зиян келтірместен күніне қанша жұмыртқа жеуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауықтың бір жұмыртқасында шамамен 200 миллиграмм холестерин бар, ал ересектер үшін күнделікті норма 300-400 грамм болып есептеледі. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Күніне бір немесе екі жұмыртқа жеу жүрек-қан тамырлары жүйесіне және жалпы денсаулыққа зиян келтірмейді, -  дейді диетолог Светлана Фус. 

Дәрігердің айтуынша, бір тауық жұмыртқасында шамамен 200 миллиграмм холестерол бар, ал ересектерге күнделікті қажеттілік 300-ден 400 грамға дейін. Артық холестерин артериялардың «бітелуіне» және жүрек ауруына әкеліп соқтырады. 

Тамақтан алынған холестерин ағзаға гормондардың, D дәруменінің синтезі және жасуша мембраналарының құрылысы үшін қажет. Алайда организмнің өзінде пайда болатын холестерин де үлкен әсер етеді. 

Дәл осындай холестерин қан тамырларының қабырғаларында сақталуы мүмкін.Бұл холестерин метаболизмі, бауыр аурулары, өт қабы бұзылған адамдарда болады. Мұндай адамдар холестерол көп болатын тамақ өнімдерінен аз пайдалану керек, - деп жазды Светлана Фус Instagram-да. 

Сүт өнімдері мен майлы ет, шұжықтар мен маргаринді тағамдардағы қаныққан майдың мөлшері маңызды деді Фус. Сондықтан денсаулығыңыз жақсы болса, тауық жұмыртқасы мен сары уызын пайдаланудан қорықпаңыз дейді диетолог. 

Жұмыртқаның ақуызында маңызды амин қышқылдары, сонымен қатар D, E, K дәрумендері және В тобы (атап айтқанда, B12 және B6) және темір, мыс, мырыш, күкірт минералдары бар.

Өзгелердің жаңалығы