Денсаулық сақтау саласындағы медқызметкер болып саналмайтындардың жалақысы көтеріледі

3 Наурыз 2021, 18:00
2851
Бөлісу:
Денсаулық сақтау саласындағы медқызметкер болып саналмайтындардың жалақысы көтеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселесі Мемлекет басшысының ерекше назарында. Президент биылдан бастап 2023 жылға дейін дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеруге тапсырма берген болатын. Бүгінде елімізде 247 мың медицина қызметкері бар. Биыл дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 320 мыңды құраса, 2023 жылы бұл бағытқа қосымша тағы 550 млрд теңге бөлінеді. Осылайша дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 360 мыңға жететін болады. Ал орта медицина қызметкерлерінің еңбекақысы биыл 173 мың теңге болса,  2023 жылға қарай 210 мыңға жетеді, - деді ол.
Денсаулық сақтау саласындағы медқызметкер болып саналмайтындардың жалақысы көтеріледі

Марат Шоранов сонымен қатар, 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы медицина саласы қызметкері болып саналмайтын азаматтардың да жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын айтты.

2020 жылы министрлік медициналық қызмет сапасын қаржыландыруды арттыруға қатысты шаралар қабылдады. Бұл ретте мектеп оқушыларына арналған медициналық көмек және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету аясында жан басына шаққандағы норматив енгізілді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгелі бері консультативтік-диагностикалық қызметтерге деген қолжетімділік артты. Медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 30% және орта медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 20%-ға арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Дәл осы мақсаттар үшін былтыр қосымша 93 млрд теңге бөлінсе, тарифтерді өзектендіру үшін 37 млрд теңге бөлінді, - деді Шоранов.

Еске сала кетейік, бұған дейін вице-министр вакцинация науқаны кезінде IT-технологиялардың мүмкіндігін кеңінен пайдаланылатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы