Денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың екінші толқынына дайын

18 Қыркүйек 2020, 19:12
1316
Бөлісу:
Денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың екінші толқынына дайын

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында коронавирустық инфекцияның екінші толқыны болуы мүмкін жағдайдағы ең нашар сценарий туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесі кез келген уақытта стационарларда 70 мыңнан астам «ковидтік» төсек-орын орналастыру қауқарлы. Бұл «қызыл кезең». Бүгінгі таңда Қазақстанда орта есеппен 600-500 адам анықталады. Егер кенеттен бұл көрсеткіш 30 мыңға жетер болса, онда бұл елде қатаң карантиндік шараларды енгізудің басты белгісі болады, - деді ол.

Бағдат Қожахметовтың айтуынша, бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың екінші толқынына дайын. 
Біздің ел үшін ең қиын кезең маусым-шілде айларында болды. Осы сабақты ескере отырып, бүгінде денсаулық сақтау жүйесі толығымен дайын. Бірақ, екінші толқыннан қорғануымыз керек және оны қалай жүзеге асыру керектігі қоғамға тікелей байланысты, - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, жүргізілген талдауларға сәйкес аурудың ең ауыр және орташа ауыр түрлерін қамтамасыз ету үшін кемінде 5 мың өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты болуы керек.
Бүгінгі таңда ӨЖЖ көлемі іс жүзінде қамтамасыз етілген. Оның 1,5 мыңы Қазақстанда өндірілген. Елдегі бірқатар жұқпалы аурулар ауруханалары, провизорлық орталықтар, барлық ауруханалар оттегі концентраторларымен қамтамасыз етілген, олар да ауыр науқастарды емдеуде тиімді әдіс саналады. 3,5 мыңнан астам мобильді бригада орналастырылды. Бұл дәрігер мен медбикесі бар автомобильдер, жедел жәрдем көліктері. Егер төртінші дәрежелі қоңырау түссе, олар шақыру орнына барады және қажет болған жағдайда науқасқа кез келген зерттеу жүргізіп, науқастың денсаулығына қатысты шешімдерді анықтай алады, - деді Қожахметов.
Өзгелердің жаңалығы