Денис Евсеев теннистен Президент кубогының чемпионы атанды

Қазақстандық, әлемнің 412-ракеткасы, 30 жастағы Денис Евсеев Астанадағы Президент кубогы үшін өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ktf.kz 30 Шілде 2023 2023, 20:18
30 Шілде 2023 2023, 20:18
804
Фото: ktf.kz

Қазақстандық, әлемнің 412-ракеткасы, 30 жастағы Денис Евсеев Астанадағы Президент кубогы үшін өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда рейтингіде 550-сатыдағы өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен кездесті.

Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 0:5 есебімен ұтылып тұрып, кейін 7 геймді қатар жеңіп, сетті алды.

Екінші сетте өзбекстандық 6:2 есебімен басым түсті.

Үшінші, шешуші сетте Денис Евсеев 6:4 есебімен жеңіп кетті.

Наверх