Демеу Жадыраев – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Бөлісу:
Демеу Жадыраев – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері
Фото: baq.kz

Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде қазақстандық балуан жапониялық Нао Кусакаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді.

Бұл 20 жылдан кейін алғаш рет грек-рим күресінен қазақстандық спортшының финалға шығуы. 2004 жылғы Афина Олимпиадасында аса ауыр салмақ дәрежесінде Георгий Цурцумия күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Өзгелердің жаңалығы