Бұл туралы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Абдель Балтатегі айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Сенбі күні Қызылорда облысының жәрмеңкесі ашылады. Өңірден кәсіпкерлер келді. Бұл елордадағы өңірлік үшінші жәрмеңке болады. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның қалыптасуын біз қаладағы ең арзан базарлардағы бағаға мониторинг жасап, ортақ бағаны бекітеміз. Осылайша, бағалар орташа бағадан әлдеқайда төмен болады. Ал қалған базарлар жәрмеңкенің бағасына қарай бағаларын реттейді. Бұл бағаны төмендетудің тиімді жолы болып отыр, - деді Балтатегі.
Өз кезегінде Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев жәрмеңкеге Сыр диқандары дайындықпен келгенін айтты.
Бұл жәрмеңкеге Сыр елінің 70-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері келіп отыр. Біздің бренд-ақ күрішіміз бар. 500 тоннадан астам 30 өнім ұсынылады. Оның ішінде 100 тоннасы күрішті құрап отыр. Облыстан 70-тен астам көлік шықты. Оның басы елордаға жетті. Ертең сағат 9:00-да жәрмеңке жұмысын бастайды. Жәрмеңкедегі баға орташа нарықтағыдан 10-15 пайызға арзан болады, - деді ол.