"Қазгидромет" РМК синоптиктері 15-17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан аумағы Қара теңіз аудандарынан белсенді, ылғалды циклонның және Скандинавия түбегінің аудандарынан суық арктикалық ауаның билігінде болады.
Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
Батыста жаңбыр жауса, солтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласып, бұрқасындап, көктайғақ болып, тұман басады.
Сондай-ақ, оңтүстік аймақтарда ыстықтың беті қайтып, жауын жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанып отыр.
Бүкіл аумақта екпінді жел соғады. Еліміздің оңтүстігінде желдің екпіні 30 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында, 16 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17 сәуірден бастап Түркістан облыстарында түнгі уақытта үсік жүреді.