Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Демалыс күні Алматыда нөсер жаңбыр жауады

12 Наурыз 2022, 16:28
2062
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті  Қазгидромет мекемесінің   2022 жылғы 12 науырыздағы дауылды ескертуіне сәйкес, 13 науырызда күндіз нөсерлі жаңбыр күтілетіні туралы хабарлады.

Алматы қаласы ТЖД осындай қолайсыз ауа-райы құбылысына орай тұрғындарға  қауіпсіздікті сақтау мақсатында келесі  шаралар қабылдауды ұсынады:
- балкондар мен лоджиялардан заттарды алып тастау; 
- үйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбау;
- үйден шығар кезінде, барлық электр құрылғыларды  желіден ажыратып терезелерді жабу, 
- су өткізбейтін киім мен аяқ киімді шығу;
- автономды жарық көздерін (фонарьлар, шырақтар, керосин шамдары) дайындау;
- жеке көлік құралын тұраққа немесе алаңқайға ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою; 
- ықтимал ТЖ туралы SMS-хабарламаларға назар аудару қажет.
 

Өзгелердің жаңалығы