<p style="margin-left:0px;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 14-16 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынады.</p><p style="margin-left:0px;">«Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райын, солтүстік-батыс антициклоны айқындайтын болады. Оның әсерінен температура төмендеп, жауын-шашын тоқтайды.</p><p style="margin-left:0px;">Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронталды аймағында болады — мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды. Осыған байланысты мұнда да температура төмендеп, жауын-шашын тоқтайды.</p><p style="margin-left:0px;">Мереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан циклон жырасы әсер ете бастайды. Жауын-шашын, көктайғақ болады.</p>