Демалыс күндері күн райы қалай болады

2 Ақпан 2024, 16:30
875
Бөлісу:
Демалыс күндері күн райы қалай болады
Фото: Артём Чурсинов - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Демалыс күндері Қазақстандағы синоптикалық жағдай орталығы Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклонмен анықталатын болады. 

Еліміздің басым бөлігінде бұлтты және әр түрлі фазадағы жауын-шашын, бұрқасын, екпінді желмен және көктайғақ болады. 

Әзірге тек оңтүстік аймақтар антициклонның ықпалында болады, онымен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады. Атлантикалық циклон сонымен қатар республиканың барлық аумағында температураның біртіндеп жоғарылауына себеп болады.

Өзгелердің жаңалығы