Синоптиктер 4-6 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа-райы бұлтты болады. Солтүстік-батыс циклонымен байланысты болатын белсенді фронтальды бөлімдері анықтайтын болады.
Циклон батыстан шығысқа қарай жылжи бастайды. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ, екпінді жел, ал солтүстік аймақтарда бұрқасын болжанады.
Республиканың оңтүстік жартысында жаңбыр, таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады, найзағай соғады.
Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 0-10 аяз, күндіз 0-11 жылы, оңтүстік-батыста түнде 5 аяз-3 жылы, күндіз 7-15 жылы, солтүстік-батыс, солтүстікте түнде 5-15 аяздан 0-8 аязға дейін, күндіз 0-8 аяздан 5 аяз - 3 жылыға дейін, орталықта және шығыста 7-20 аяздан 0-12 аязға дейін, күндіз 2-12 аяздан 5 аяз-5 жылыға дейін, оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде негізгі 5 аяз 2 жылы, күндіз 5-15 жылыдан 15-24 жылыға дейін жоғарылайды, - делінген хабарламада.