Қазгидромет синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады,деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, циклон жырасының әсерінен, демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр болады.
Атлантикалық аймақтардан антициклонның келуінен ауа температурасы біртіндеп төмендейді, ал аптаның басында жауын-шашын тоқтайды. Елдің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттармен аптаның аяғына дейін жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, елдің шығысында, солтүстігінде, батысында-тұман, солтүстігінде-көктайғақ болжанады, - делінен хабарламада.