Демалыс күндері +44 градус ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3-5 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

2 Маусым 2023 2023, 16:43
АВТОР
 BAQ.KZ  Архив 2 Маусым 2023 2023, 16:43
2 Маусым 2023 2023, 16:43
1089
Фото: Архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3-5 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Антициклонның жотасы Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын айқындайтын болады. Циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай болады.

Республиканың оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл тұрып, жел күшейед.

Күндізгі уақытта солтүстік-батыс, солтүстікте +36+41°С дейін, шығыста +33+39°С дейін, орталықта +33+41°С дейін, оңтүстікте +37+44°С дейін, оңтүстік-шығыста +30+39°С дейін қатты ыстық сақталады.

Наверх