"Қазгидромет" синоптиктері еліміз бойынша 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны әсер етеді, соның әсерінен солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасының күрт төмендеп, жауын-шашын тоқтайды. Атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады.
26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қар жауады.
Республика бойынша тұман, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі 15-28 м/с, шығыста бұрқасынмен, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.
Түнде батыста ауа температурасы 5-15 аязға дейін аздаған төмендейді, 26-27 қарашада солтүстік-батыста 20-30 аязға дейін, солтүстікте 23-36 аязға дейін, орталықта 17-34 аязға дейін, 27-28 қарашада шығыста 27-38 аязға дейін күрт төмендеуі болжанады, 27-28 қарашада ауа температурасы оңтүстік, оңтүстік-шығыста 5-15, таулы жерлерде аудандарда 15-20 градус аяз дейін төмендейді.