Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

<h4> Астана, baq.kz. Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. </h4>

11 Қаңтар 2019 2019, 15:38
 11 Қаңтар 2019 2019, 15:38
11 Қаңтар 2019 2019, 15:38
2583

Астана, baq.kz. Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстан территориясына Қара теңіз аймағынан жылжитын атмосфералық фронттардың әсерінен Сібір антициклоны әлсіреп, ауа температурасы республиканың басым бөлігінде жоғарылайды. Бірақ батыс және солтүстік-батыс аймақтарда температураның жоғарылауымен бірге қар жауып, кей жерде бұрқасын және қатты екпінді жел күтіледі.

Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына алдағы тәулікте оңтүстік циклонның әсерінен, кей жерлерде қар, бұрқасын, батыс бағыттан қатты жел, оңтүстік және оңтүстік-шығыста тұман және көктайғақ күтіледі.

Наверх