Делиде спорттық атудан Әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды

Бүгiн, 13:07
102
Бөлісу:
Делиде спорттық атудан Әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды
Фото: @olympickz/ Тұрар Қазанғапов

Делиде (Үндістан) спорттық атудан Әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған.

Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады.

Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері (бұл жағдайда Париждегі Олимпиада ойындарындағы жүлдегерлер), былтырғы Әлем кубогінің жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ.Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы