Қазақстан делегациясы «Неміс өнеркәсібі күні-2019» шарасына қатысты

6 Маусым 2019, 19:11
1947
Бөлісу:
Қазақстан делегациясы «Неміс өнеркәсібі күні-2019» шарасына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неміс тарапының шақыруы бойынша Қазақстан делегациясы Германия өнеркәсібі Федералды одағы (BDI) жыл сайын ұйымдастыратын Неміс өнеркәсібі күніне (TDI) қатысты «Неміс өнеркәсібі күні-2019» іс-шарасына қатысты.

Шараға ҚР Президенті Кеңсесінің Бастығы Нұрлан Онжанов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев және Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсiпов қатысты.

Қазақстан делегациясы «Неміс өнеркәсібі күні-2019» шарасына қатысты

Германия өнеркәсібі күні жаһандық экономикалық даму, әлемдік экономика мен сауда құрылымындағы өзгерістер, бәсекелестік түйіткілдері, инвестиция тарту мен аймақтық дамудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң болып табылады. Іскерлік сессиялар барысында қатысушылар инновациялық даму, экономика салаларын цифрландыру, ұтқырлық, ғылымдағы халықаралық өзара әрекет, денсаулық сақтау саласын цифрландыру, сондай-ақ Еуропалық одақтың даму перспективаларын талқыланды. Одан басқа «Брексит», Еуропадағы парламент сайлауы және АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда жанжалы сияқты маңызды тақырыптар қозғалады.

Іс-шараға шақырылған 1,5 мың қонақтың қатарында жоғары шенді қоғамдық-саяси қайраткерлер, алдыңғы қатарлы өнеркәсіп корпорацияларының басшылары және БАҚ өкілдері болды.

Қазақстан делегациясы «Неміс өнеркәсібі күні-2019» шарасына қатысты

Шараның салтанатты ашылуында ГФР Федералды канцлері Ангела Меркель және неміс өнеркәсібі Федералды бірлестігінің (BDI) Президенті Дитер Кемпф сөз алды. Пленарлы отырыстарда сондай-ақ ГФР экономика және энергетика Федералды министрі Петер Альтмайер, Эстония Президенті Керсти Кальюлайд, Франция экономика және қаржы Министрі Бруно Ле Мэр сөз сөйледі.

А.Меркель іс-шарада сөйлеген сөзінде қазіргі заманғы жаһандық сын-тегеуріндерден өту мақсатында жаңа, стандартты емес шешімдерді іздеудің маңыздылығын атап айтты. Ол сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының әлемдік сауданың басты реттеушісі ретіндегі жұмысын жетілдіру мен өзара саудадағы кедергілердің жақын уақытта алыну қажеттігіне баса мән берді.

Қазақстан делегациясы «Неміс өнеркәсібі күні-2019» шарасына қатысты

Іс-шара алаңында Н.Онжанов Германия экономикасының жоғары шенді өкілдерімен, атап айтқанда, Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры М.Хармспен және Германия өнеркәсібі Федералды одағы Басқармасының мүшесі – шикізат саясаты жөніндегі Комитет төрағасы Г.-Й. Вельшпен кездесулер өткізді.

Берлинге сапары аясында Н.Онжанов ГФР экономика және энергетика Федералды министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Т.Барайспен, ГФР СІМ Саяси директоры Й.Плётнер, ГРФ мен ҚР арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топ құрамындағы ГФР Бундестагының депутаттарымен, сондай-ақ ҚР-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі неміс компанияларының басшылармен кездесті. Кездесулер барысында ҚР-дағы инвестициялық климатты жақсарту, Қазақстан экономикасына неміс инвестициясы мен алдыңғы қатарлы технологиясын тарту, бірлескен кәсіпорындар құру және экономиканың түрлі саласында инновациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Н.Онжанов Христиан-демократиялық одағы тарапынан Германия экономикасы күніне қатысты. Іс-шара барысында ХДО партия көшбасшыларымен, мемлекеттік билік федералды органдарының басшылары және неміс компанияларымен, сондай-ақ ГФР федералды жерлерінің басшыларымен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы