Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мәселесіне орай даярланған ұсыныстарын таныстырды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері «Жалпыға бірдей декларациялаудың болжамды күшін жою» тақырыбына арналған баспасөз конференциясында алдағы қабылдануы мүмкін өзгерістер туралы айтты. Күні кеше ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев декларация тұжырымдамасы жөнінде сөз қозғаған еді. Президенттің айтуынша, 14 жылдан бері елімізде цифрландыру ісі және финтех саласы қарқынды дамып келе жатыр. Түрлі мемлекеттік мекемелерге ортақ мәліметтер базасы пайда болды. Қаржы және салық бақылауы күшейді.
Демек осындай ауқымды өзгерістерден кейін төртінші, яғни соңғы кезеңде азаматтарды декларация тапсыруға міндеттеу қаншалықты орынды деген сұрақ туады. Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы қажет – деді Мемлекет басшысы.
Осыған орай Қаржы министрлігі декларацияны тапсыруға өзгерістер енгізу бойынша мынадай ұсыныстар әзірлеген.
250.00 нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратындар :
1) шетелде мүлкі бар ҚР азаматтары, ҚР резиденттері;
2) декларацияны өз еркімен ұсынғысы келетіндер;
3) сайланбалы лауазымға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар*;
4) банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетін жеке тұлғалар.
* "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "ҚР Заңына сәйкес
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", «Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы "ҚР заңдарына сәйкес
Ал егерде жеке тұлғаның шетелде:
1) жылжымайтын мүлік және көлік;
2) шетелдік банктердегі банктік шоттардағы 1000 АЕК (3,7 млн теңге) астам сомадағы ақша;
3) инвестициялық бағалы металдар;
4) шетелдік компаниядағы қатысу үлестері;
5) тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
6) бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
7) брокерлік шоттардағы ақша;
8) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
9) цифрлық активтер;
10) дебиторлық / кредиторлық берешек
11) құны 1000 АЕК (3,7 млн тг) асатын мүлік (антиквариат, сәнді заттар және т.б.) болмаған жағдайда жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынудан босатылады
270.00 нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратындар:
1) мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар (оның ішінде квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары) және олардың жұбайлары**
2) банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары**
3) коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) (АҚ-да қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) 25% дан жоғары және одан көп болса және олардың жұбайлары**
4) жеке практикамен айналысатын адамдар**
5) шетелде мүлкі бар тұлғалар (240.00-нысан ұсыну тәртібіне ұқсас)**
6) ДК табысын қоспағанда, дербес салық салынатын табыс алған тұлғалар**
7) шетелдік банктерде 1000 АЕК астам ақшасы бар тұлғалар**
8) ҚР-да және одан тыс жерлерде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын ірі мүлікті сатып алған тұлғалар
Декларацияны толтырмас бұрын келесі сайттарда Қазақстанда актив мен міндеттемелердің бар-жоғын дербес тексеру ұсынылады:
Бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісімдер бойынша https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru
Зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz
Сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu
Несиелік келісімдер үшін Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу қажет.
Еске сала кетейік, Премьер-министр Олжас Бектенов аталған ұсынысты қолдап, Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер дайындауды тапсырғаны туралы осыған дейін жаздық.