Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Декларациядағы өзгеріс: кімдер қандай мәліметтерді көрсетуге тиіс?

Олжас АДАЙ
7 Тамыз 2025, 12:51
1865
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

2025 жылдан бастап жеке тұлғалар үшін декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтерге қатысты талаптар нақтыланды. Бұл туралы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, декларацияда мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті тұлғалардың санаттары қайта қаралған.

Сонымен, аталған мәліметтерді "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес осындай міндет жүктелген адамдардан басқа:

банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, инвестициялық басқарушылар және олардың резидент-жұбайлары;

жарғылық капиталдағы үлесінің (акционерлік қоғамдардың акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;

есепті салық кезеңі ішінде ҚР-да және (немесе) одан тыс жерлерде құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік сатып алған тұлғалар көрсетуге міндетті, – деді Ерсайын Көптілеуұлы.

Еске салсақ, тамызда қазақстандықтар қандай салық төлемдердін жасауы тиіс екені жайлы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы