Декларация тапсыру кезінде кірісіңізді жасырсаңыз айыппұл төлейсіз

13 Қараша 2024, 20:05
270
Бөлісу:
Декларация тапсыру кезінде кірісіңізді жасырсаңыз айыппұл төлейсіз
Фото: Нұркен Алишев -архив

2025 жылы елімізде жалпыға бірдей декларация тапсырудың соңғы кезеңі басталады. Бұған дейін мемлекеттік және квазимемлекеттік сала қызметкерлері, сосын кәсіпкерлер есеп берсе, келер жылдан бастап жеке тұлғалар декларация толтыруға міндеттеледі деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Декларация тапсыру кезінде жеке тұлғалар мынадай ақпараттарды көрсетулері тиіс:

  1. күнтізбелік жыл ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған кірістер;
  2. салық шегерімдері;
  3. мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алуға және (немесе) иеліктен шығаруға және (немесе) өтеусіз алуға;
  4. жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талаптар, оның ішінде салық кодексінің 351 - бабында айқындалған салық шегерімі қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің ұсынуына жеке тұлғаның келісімін көрсете отырып;
  5. республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына қолданыста болған АЕК-тің мың еселенген мөлшерінен асатын сомада Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша; есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы мүлікке:
  • мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын не құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлікке;
  • эмитенттері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарға;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі.

Декларацияда тиісті мәліметтерді көрсетпеген жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  кодекстің талаптарына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Атап айтқанда:

Декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін:

алғашқы рет - ескерту 

бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 3 АЕК мөлшерінде айыппұл 

Салық салу объектілерін жасырғаны үшін (Жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерін жасыруы):

алғашқы рет - төленбеген салықтар сомасынан 200% айыппұл 

бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - төленбеген салықтар сомасының 300% мөлшерінде айыппұл көлемінде жауапкершілік қарастырылған

Декларацияны ұсыну тәсілдері: 

Электрондық түрде – "Cалық төлеушінің кабинеті" арқылы , электрондық үкімет порталы, сондай-ақ e-salyq azamat мобильді қосымшасы арқылы

Жазбаша түрде – мемлекеттік кіріс органдарына немесе ХҚКО тапсырылады

Декларацияны тапсыру мерзімі:

  • 15 шілдеге дейін - жазбаша түрде;
  • 15 қыркүйекке дейін - электронды түрде
Өзгелердің жаңалығы