Дебатшылар «АQ JOL CUP» кубогын сарапқа салды

25 Маусым 2024, 19:58
1290
Бөлісу:
Дебатшылар «АQ JOL CUP» кубогын сарапқа салды
Фото: «Ақ жол» ҚДП

Тараз қаласында «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы алғаш рет «Ақ жол жастары кубогы» (AQ JOL JUNIOR CUP) үшін дебат ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирдің ашылу салтанатында партия филиалының төрағасы, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мұқанбетәлі Шалқарбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 «Еститін Үкімет» ашық қоғам құру – бұл ел Президетінің бастамасы. Жастар кез – келген қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан, демократиялық қоғам құруда жастардың орны бөлек. Мемлекетімізде жастарға деген барлық мүмкіндіктер беріліп келеді. Білім беру, әлеуметтік-мәдени даму мүмкіндіктерімен бірге жастарға саясатқа араласуға кең мүмкіндіктер бар. Соның бірі – мәслихат мен мәжілістегі депутаттық құрамда жастар квотасы. Болашақ саясаттанушы, ғалым мен басқарушы менеджерлер ұлттық рухы биік, ойы жүйрік, білімді жастардың арасынан шығатыны сөзсіз. Осындай дебаттар жастардың шыңдалуына зор ықпалын тигізеді, -деді Мұқанбетәлі Жеңісұлы.

Облыстық турнирге партияның республикалық Жастар кеңесінің төрағасы Ханзада Насруллаев қатысып, ойыншыларға ақ жол тіледі.

– Партияның Жамбыл облыстық филиалы мен оның Жастар ұйымының әріптестері бірінші рет өңірлік жастар пікірсайыс турнирін өткізді. Айтпақшы, бұл турнир «Jambyl TV» жергілікті телеарнасында өткенімен де ерекшеленді. Телеарна студиясында турнирдің 4 фракциясы

демократиялық жүйені дамыту үшін екі партиялы жүйенің тиімділігі және «Демократияшыларға» жасалынып жатқан идеализация қарарларын талқылады.

Дебат британдық парламенттік форматта өтті. Турнирге арнайы шақырылған төрешілермен бірге, партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, Жастар кеңесінің төрағасы Ханзада Насруллаев, партия атынан Жамбыл облыстық мәслихатына бір мандаттық жүйе бойынша сайланған депутат Дәурен Ахметжаев, Тараз қалалық мәслихатының депутаттары Бауыржан Найзақұлов, Руслан Мырқалықов, партия филиалының заңгері Жеңіс Сариев төрелік етті.

Жалпы «Ақ жол» кубогы үшін өтіп жатқан турнирге қатысуға 20 команда өтінім берді.

Үздік шыққан 3 командаға арнайы кубоктар мен жүлделі орындарға тағайындалған қаржылай сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ, «Үздік спикер», «Үздік идея» сынды бірнеше арнайы номинация иегерлері анықталды. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 500 мың теңге.

Өзгелердің жаңалығы