ДДҰ мен ДСМ бірқатар бастамаларды іске асыруға келісті

29 Қазан 2024, 11:28
340
Бөлісу:
ДДҰ мен ДСМ бірқатар бастамаларды іске асыруға келісті
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін ДДҰ-ның Копенгагендегі (Дания) Еуропалық өңірлік комитетінің 74-ші сессиясының шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен ДДҰ Еуропалық бюросының басшысы доктор Ханс Клюге Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар Мемлекет Басшысының жаһандық деңгейде МСАК жөніндегі елдер коалициясын құру және ДДҰ-ның Алматы қаласындағы МСАК жөніндегі географиялық қашықтағы офисінің базасында Коалиция Хатшылығын ұйымдастыру жөніндегі бастамасын ілгерілету туралы уағдаласты. 

Қазақстан бұл мәселені 2025 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі отырысы барысында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейінде ілгерілетуге және МСАК бойынша елдер коалициясын ұсынуға мүдделі. Осы жоғары деңгейдегі іс-шараға тиімді дайындалу үшін біздің күш-жігерімізді біріктіру қажет, онда біз Коалиция жұмысының нәтижелерін көрсете аламыз, - деп атап өтті кездесу барысында министр. 

Бұдан әрі аурулардың профилактикасына, семіздікке, халықтың дене белсенділігінің деңгейін арттыруға, тамақтануды жақсартуға, зиянды тағамдардың маркетингін төмендетуге және 2030 жылға дейін ұлттық стратегияны әзірлеуге негіз болатын басқа да бағыттарға байланысты мақсаттар мен міндеттердің ерекше өзектілігі атап өтілді.

Доктор Клюге ұлт денсаулығын жақсартуға бағытталған бұл қадамды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Қазақстанның туберкулездің ауыртпалығын төмендетудегі көпжылдық табысты тәжірибесін ескере отырып, біздің елімізде «Туберкулез індетін жоюға арналған ДДҰ үздік практикалар орталығын» ашу туралы бастама көтерілді. 

Бұл орталықтың ашылуы мен жұмысы ТБ-ға қарсы күрес, елдердің арасында тәжірибе алмасу, Орталық Азияда ғана емес, ДДҰ-ның Еуропалық өңірінде де диалог пен қызметті үйлестіру бойынша күш-жігерді нығайтуға ықпал етеді деп болжануда. 

Кездесудің соңында тараптар 2024-2025 жылдарға арналған екі жылдық ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберіндегі ағымдағы жұмысқа жоғары баға берді және белгіленген жоспарларды іске асыру мақсатында одан әрі белсенді өзара іс-қимылды дамытуға сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы