ДДСҰ пандемияның қашан аяқталатынын айтты

24 Ақпан 2021, 11:01
1405
Бөлісу:
ДДСҰ пандемияның қашан аяқталатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады, деп санайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клуге.

Бұл туралы ол Данияның DR телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Нашар сценарий артта қалды. Біз вирус туралы 2020 жылмен салыстырғанда көбірек білеміз, - деді Клуге.

Клюге атағандай, вирус таралуын жалғастырады, бірақ шектеулердің барлығына қажеттілік болмайды. Сонымен бірге ол бұл оқиғалардың ықтимал дамуы екенін атап өтті, бірақ нақты нәтижені әлі анықтау мүмкін емес.

Ханс Клуге сонымен қатар коронавирустың жаңа мутациясы қалыпты жағдай екенін айтты, өйткені вирус адамға бейімделуге тырысады.

ДДСҰ вирустың тез таралуына байланысты COVID-19 вакциналарының тиімділігін мұқият қадағалап отыр, -деді ол.
Өзгелердің жаңалығы