ДДСҰ: Пандемия шарықтау шегіне жетті

19 Қараша 2020, 18:26
2781
Бөлісу:
ДДСҰ: Пандемия шарықтау шегіне жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия шарықтау шегіне жетті деген болжам жасап отыр, деп жазды korrespondent.net. 

Ұйым мұндай болжамды өткен аптада вирус жұқтырушылар санының төмендеуіне сүйеніп жасаған.

Жақсы жаңалық бар, Өткен аптада біз вирус жұқтырушылар санының соңғы 14 күнмен салыстырғанда 10 пайызға төмендегінін байқадық. Осылайша пандемия шарықтау шегіне жетті деген болжам бар. Дегенмен, әр елдегі статистика әр қалай. Кейбір елдерде әлі де жағдай ушығып тұр. Ал жалпы алғанда жағдай алдыңғы апталармен салыстырғанда тұрақталып келеді, - деді ДДСҰ өкілі Мелита Вуйнович «Эхо Москвы» радиостанциясына берген сұқбатында. 

ДДСҰ өкілі коронавирус Еуропа мен Солтүстік Америкада жылдам таралып жатқанын атап өтті. Өткен аптада вирус жұқтырғандардың 81 пайызы осында тіркелген. 

Сондай-ақ, Вуйнович вакцина пандемияның жеңуге көмектеседі, дегенмен адамдар арасында жұқтыру фактілері тоқтамайтынын айтады.

Әрине, вакцина көмектеседі. Қазіргідей жаппай таралу мен жұқтыру болмайды. Дегенмен алдағы уақытта біздің бұл вируспен бірге өмір сүретініміз анық. Вакцинация емдемейді, тек алдын алады. Сондықтан ара-тұра жұқтыру фактілерінің орын алуы да мүмкін, - деді ол.

Пандемия басталғалы бері әлемде 56,2 млн адам вирус жұқтырып, 1,3 млн адам көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы