ДДСҰ: Пәкістандағы су тасқыны қауіпті ауруларға себеп болуы мүмкін

5 Қыркүйек 2022, 13:23
730
Бөлісу:
ДДСҰ: Пәкістандағы су тасқыны қауіпті ауруларға себеп болуы мүмкін

Пәкістанда орын алған бұрын-соңды болмаған су тасқыны адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Euronews таратқан мәліметке сәйкес, табиғи апаттың толастамауы безгек, денге қызбасы сынды қауіпті аурулардың таралуына әкеліп соғуы мүмкін. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы миллиондаған пәкістандық медициналық көмек пен емге зәру екендігін алға тартып, дабыл қақты. Муссон маусымындағы жауын-шашын салдарынан орын алған су тасқыны ел аумағының төрттен үш бөлігіне зардабын тигізген. Бір мыңнан астам адам қаза болып, 160 мыңнан астам адам үйлерінен айырылды. 

Бұған дейін белгілі болғандай, еліміз Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасымен Пәкістан Ислам Республикасына көптеген адам құрбан болған нөсер мен су тасқынының салдарын жою үшін 400 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетеді. 

Өзгелердің жаңалығы