ДДСҰ: Ливанда тырысқақ эпидемиясы басталуы мүмкін

Кеше, 08:35
200
Бөлісу:
ДДСҰ: Ливанда тырысқақ эпидемиясы басталуы мүмкін
Фото: -архив

Ливанның денсаулық сақтау министрлігі елде тырысқақ жұқтырған бір жағдай тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ndtv.com таратқан деректерге сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Әбдінәсір Әбубәкір елдің оңтүстігінен солтүстігіне үдере қашқан жүздеген мың босқындардың есебінен тырысқақтың таралу қаупі өте жоғары деп отыр.

Ливанның солтүстігінде халқы екпе алмаған ауданда тырысқақ жұқтыру дерегі тіркелді. Елдің оңтүстігінен бассауғалап қашып келіп жатқан жүздеген мың адамның есебінен аурудың таралу қаупі өте жоғары, - деді ол.

Айтуынша, ұйым жағдайды бақылауда ұстау үшін шаралар қолдануда.

Айта кететін жайт, дерт анықталған науқас соңғы уақытта ешқайда шықпаған.

2022 мен 2023 жылдар аралығында Ливанда соңғы 30 жылда тырысқақ алғаш рет анықталған.

Тырысқақ – организмге зарарлы азық-түлік немесе су арқылы түсетін аса жұқпалы ауру. Тырысқақ іш өтуге ұласуы мүмкін. Ал аурудың ауыр түрі дұрыс ем қолданбаған жағдайда бірнеше сағаттың ішінде өлім-жітімге әкеліп соғу қаупі көп.

Өзгелердің жаңалығы