Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ДДСҰ: Газада 15 600-ден астам науқасқа шұғыл медициналық эвакуация қажет

24 Тамыз 2025, 14:48
633
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Газа секторында 15 600-ден астам адам, соның ішінде 3 800 бала арнайы медициналық көмек алу үшін эвакуацияға мұқтаж, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус америкалық X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Ұйым басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ауыр халдегі науқастарды эвакуациялауға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Газадағы 15 600-ден астам науқас, оның ішінде 3 800 бала әлі де мамандандырылған көмекке мұқтаж. Біз эвакуация көлемін ұлғайтып, өмірлік маңызды көмекті қолжетімді етуге шақырамыз, – деп жазды Гебрейесус.

Сонымен қатар ДДСҰ басшысы тағы да Газа секторында атысты тоқтатуға үндеді.

Өзгелердің жаңалығы