Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде ДДСҰ-ның жалған мәлімдемесі талқылануда. Ұйым мамандары енді маска тағу қажет емес деп мәлімдеген. Ондағы ақпарат бұрмаланды, деп жазды stopfake.kz.
Осындай «дәйексөз» жазылған скриншот осы жылдың 25 қаңтарында жарияланды.
Шын мәнінде, ДДСҰ мамандарының ешқайсысы мұндай мәлімдеме жасамаған. Интернетте тарап кеткен скриншот Principia Scientific International конспирологиялық ресурсынан шыққан және ДДСҰ-ға еш қатысы жоқ.
Сайтта, тіпті, контекстен алынған дәйексөз келтірілген, шындығында, ол ДДСҰ-ның 2020 жылғы 1 желтоқсандағы Mask use in the context of COVID-19 құжатынан алынған. Онда «адекватты қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету үшін масканы тиісінше қолдану жеткіліксіз» делінген.
Бұдан әрі түпнұсқа құжатта COVID-19 алдын алу бойынша қолды жиі жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты басқа нұсқаулар берілген.
Шын мәнінде, мақалада айтылғанның бәрі – манипуляция. Автор контекстен алынған сөйлемдерді қолданып, олардың мағынасын бұрмалайды. Сонымен қатар, құжат тек ағылшын тілінде ғана қолжетімді болғандықтан, автор кейбір терминдерді дұрыс аудармайды.