Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы (ЕӨБ) бейсенбі күні брифинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саяхатшылар үшін вакцинация паспорттарын пайдалану мәселесін қарастырғанын хабарлады, деп жазды interfax.ru.
Коронавирустық инфекцияға қарсы тиімді және қауіпсіз вакциналардың пайда болуына байланысты ДДСҰ халықаралық саяхатшыларды вакцинациялауға қатысты мәселелерді қарастыруда. Халықаралық профилактика сертификатын пайдалану халықаралық медициналық-санитарлық ережелермен реттелетін мәселе екенін еске салғым келеді, - деді ДДҰ ЕӨБ иммунизация бөлімінің аға маманы Олег Бенеш.
Ол халықаралық медициналық-санитарлық ережелер комитетінің COVID-19-ға қарсы күрес шараларына байланыcты барлық мәселені зерттеп жатқанын айтты.
Саяхатшыларды вакцинациялау - комитеттің бүгінгі күн тәртібінде тұрған басты тақырып, - деді Бейнеш.
Оның айтуынша, ДДСҰ қазір үш бағыт бойынша жұмыс жүргізуде: мүмкіндігінше саяхатшыларға вакцинацияны ұсыну, мемлекеттердің келушілерден вакцинация талап ету немесе шектеу ережелерін қабылдауы, сондай-ақ мемлекет аралық вакцинация туралы сенімді ақпарат көздерімен алмасу.