ДДСҰ: «Британдық» штамм бір апта ішінде тағы 10 елде тіркелді

<h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp; Бір апта ішінде коронавирустың «британдық» штаммы (VOC-202012/01) әлемнің тағы 10 елінде анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.<br> </h4>

 3 Ақпан 2021 2021, 11:07
3 Ақпан 2021 2021, 11:07
1583

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бір апта ішінде коронавирустың «британдық» штаммы (VOC-202012/01) әлемнің тағы 10 елінде анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.

Ұйымның мәліметінше, жалпы 80 мемлекет сырт елдерден келген жағдайлар туралы немесе вирустың осы түрінің жергілікті қауымдастықтарға берілуі туралы хабарлады. Бастапқыда Оңтүстік Африкада тіркелген тағы бір 501Ү.V2 штаммы 41 елде, оның ішінде соңғы аптада 8-де кездеседі.

Сонымен қатар Бразилияда бұрын табылған коронавирустың бір түрі (P.1) 27 қаңтардан бастап тағы екі елде анықталды, қазір ол он мемлекетте бар.
Наверх