ДДСҰ коронавирусты емдеудегі ғылыми серпіліс жайында айтты

17 Маусым 2020, 11:32
1224
Бөлісу:
ДДСҰ коронавирусты емдеудегі ғылыми серпіліс жайында айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19-ды емдеуге арналған Ұлыбританиядағы стероид дексаметазон клиникалық сынақтарының нәтижелерін "ғылыми серпіліс" деп атады. Бұл туралы ria.ru хабарлады.

Оксфордте жүргізілген зерттеу көрсеткендей, дексаметазон қабынуға қарсы препарат өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған COVID-19 бар емделушілердің өлім қаупін 35%-ға, оттегі алатын науқастарды 20%-ға төмендеткен. Британияда препаратты қаптау шамамен бес фунт стерлинг (2550 теңге) шамасында тұрады. Британиялық үкімет сейсенбі күні COVID-19-ды емдеу үшін дексаметазонды мақұлдады.

Бұл оттегі емі немесе өкпені жасанды желдету жүйесі қажет COVID-19 бар пациенттер арасында өлім деңгейін төмендетуді көрсеткен алғашқы дәрі, - делінген бас директордың мәлімдемесіне сілтеме жасалған ұйым хабарламасында.

Гебрейесус сынақ нәтижелерін "тамаша жаңалық" деп атады. ДДСҰ хабарлағандай, Ұлыбритания ұйымға зерттеудің алдын ала нәтижелерін берді.
Өзгелердің жаңалығы