Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы сағат 14:00-ге дейін келген мәліметтерді жариялады.
"2019 жылдың 9 маусымы сағат 14:00-ге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардағы сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтері бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8% дауыс берді. Олардың ішінде Ақмола облысы 56,7%, Ақтөбе облысы бойынша 69,4%, Алматы облысы 63,0%, Атырау облысы бойынша 45,4%, ШҚО бойынша 59,8%, Жамбыл облысы бойынша 56,3, Қостанай облысы бойынша 55,8%, БҚО 40,9%, Маңғыстау облысы бойынша 52,4%, Қызылорда облысы 63,1%, Қарағанды 29,6%, Түркістан облысы 49,3%, СҚО 53,6%, Павлодар 45,9%, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 37,6%, Алматы қаласы 37%, Шымкент қаласы бойынша 40,5% дауыс берді. Дауыс беру заң аясында өтіп жатыр", - деді ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссия әрбір екі сағат сайын сайлауға қатысушылардың үлесін xабарлап отыр.
Елімізде Президент сайлауы осымен алтыншы рет өтіп жатыр. Биыл Президент сайлуына 7 кандидат түсті. Олар: Жамбыл Ахметбеков («Қазақстан коммунистік халық партиясы»), Дания Еспаева («Ақжол» демократиялық партиясы), Әміржан Қосанов («Ұлт тағдыры» қозғалысы), Төлеутай Рақымбеков («Ауыл» партиясы), Амангелді Таспихов (Кәсіподақтар федерациясы), Қасым-Жомарт Тоқаев («Nur Otan» партиясы), Сәдібек Түгел («Ұлы дала қырандары»).