Дауыс беру басталғаннан бері 25 арыз түсті - Бас Прокуратура

19 Наурыз 2023, 13:15
1379
Бөлісу:
Дауыс беру басталғаннан бері 25 арыз түсті - Бас Прокуратура
Фото: BAQ.KZ скриншот

Бұл туралы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин «Сайлау-2023» онлайн марафонында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бас Прокуратура сайлау процесіне жоғары қадағалауды жалғастырады. Дауыс беру басталғаннан бері Прокуратура органдарына ықтимал заң бұзушылықтар туралы 25 өтініш келіп түсті. Оның бесеуі Бас Прокуратураға жолданды. Шағымды тексеру жұмыстарын жүргізу үшін оны жергілікті прокурорларға жолдадық. Себебі, өтініштерде орын алуы мүмкін заң бұзушылықтар, нақтырақ айтсақ, онда тыйым салынған кезде сайлауалды үгіт-насихат жүргізуі мүмкін жөнінде айтылған. Сол себепті жергілікті прокурорларға берілді, - деді Азамат Сарғазин. 

Сондай-ақ, ол 7 өңірдің жергілікті прокуратурасына адамдар тікелей жүгінгенін атады.

Сондықтан тексеру жүргізу жергілікті прокурорларға жолданды. Сондай-ақ, азаматтар бүгін тікелей келесі аумақтық прокуратураларға да жүгініп отыр. Ол – Астана қаласында төртеу, Алматыда бір, Шымкент қаласында үш, Шығыс Қазақстан облысыда бес, Түркістан облысында төрт, Қарағанды, Палводар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бірден. Олардың бәрі қазір қаралу сатысында, - деді Азамат Сарғазин.

Еске салайық, 17-18 наурыздағы прокурорлардың анықтаған шаралары бойынша сайлау заңнамасын бұзғаны үшін тағы 7 адам әкімшілік жауапқа тартылды. 

Өзгелердің жаңалығы