Дауылды ескерту. Аптап ыстық, найзағай, алапат жел

13 Маусым 2020, 20:01
2436
Бөлісу:
Дауылды ескерту. Аптап ыстық, найзағай, алапат жел

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ауа райына байланысты 14 маусым күні еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады.

Түркістан қаласы мен Түркістан облысының батыс аймағында 40 градус қатты ыстық болады.

Ақтөбе қаласында және күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында және Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өрт шығу қаупі өте жоғары болуы мүмкін.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық сақталады.

Атырау қаласында және Атырау облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы 35-39 градусқа жетіп, өрт қауіптілігі V классты көрсетеді.

Орал қаласы мен Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Қызылорда облысында 41 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Кей жерлерде жел екпіні 15-18 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы