Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана қаласы мен үш облыста дауылды ескерту жариялады.
17-18 ақпанда Жамбыл облысының кей жерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 17 ақпанда күндіз, 18 ақпанда түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Тараз қаласында 17 ақпанда күндіз, 18 ақпанда түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді. Кейде тұман түседі.
17 ақпанда күндіз Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, күндіз қатты жауын-шашын болады. Түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с аса күтіледі.
17 ақпанда Ақмола облысының кей жерінде жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с болады.
Астана қаласында 17 ақпанда жауын-шашын (көбінесе қар түрінде), тұман, көктайғақ күтіледі.