Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбі күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
1 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Дауылдың ықималдығы – 85-90%, - делінген таратылған хабарда.
Сондай-ақ, бүгін күндіз Түркістан облысының кей жерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.
1-2 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Петропавл қаласында 1-2 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%, - деп хабарлады мекемеден.
Бүгін күндіз Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 95-100%.
Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі. Қостанай қаласында 1 қазанда түнде және 2 қазанда таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%, - деді синоптиктер.