Қазақстанның 4 облысында бұршақ жауып, дауыл соғады

6 Маусым 2019, 15:52
2646
Бөлісу:
Қазақстанның 4 облысында бұршақ жауып, дауыл соғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында дауылды ескерту жариялады.

7 маусымда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде қатты жаңбыр, кей жерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде екпіні 15-20м/с-тен 25 м/с-ке дейін жетеді.

Сонымен қатар, Өскемен қаласында 7 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Синоптиктердің болжауынша, Семей қаласында 07 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Сондай-ақ, 7 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында 7 маусым күні найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

7 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерде қатты жаңбыр жауады. 7-8 маусымда кей жерде тұман, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Сондай-ақ солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерде екпіні 25 м/с күтіледі. 8 маусымда желдің екпіні кей жерде 15-20 м/с күтіледі.                     

Петропавл қаласында 7-8 маусымда найзағай, бұршақ дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 7 маусымда екпіні 25 м/с күтіледі.

7-9 маусымда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, дауыл сақталады. Күндіз кей жерінде бұршақ. Күндіз 7 маусымда, тәулік бойы 8-9 маусымда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерінде 15-20 м/с, 8 маусымда екпіні 23 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 7-8 маусымда найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады. Күндіз 7 маусымда, тәулік бойы 8 маусымда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.


Өзгелердің жаңалығы