1 қараша күні Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы
Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20, түнде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт қаупі өте жоғары. Тараз қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі, жел екпіні – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз облыстың солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Ұлытау облысы
Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні солтүстік пен шығыста 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары, Жезқазғанда – жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, шығыста 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары. Қарағанды қаласында желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қостанай облысы
Түнде солтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз шығыста 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстікте өрт қаупі өте жоғары.
Қызылорда облысы
Түнде және таңертең батыс пен орталықта тұман түседі. Солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, ал кей аймақтарда өте жоғары деңгейде. Қызылорда қаласында өрт қаупі жоғары күйінде қалады.
Түркістан облысы
Түнде таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20, ал тау асуларында 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстіктегі шөлді аймақтарда өрт қаупі өте жоғары. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде жел екпіні – 15-20 м/с.
Ақтөбе облысы
Түнде және таңертең оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Шығыста өрт қаупі жоғары, батысы мен орталығында өте жоғары.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, күндіз 25 м/с-қа дейін күшейеді. Өскеменде жел екпіні – 15-23 м/с.
Абай облысы
Жел оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғады, түнде және күндіз 15–20, кейде 23–28 м/с. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары. Семейде жел екпіні 15–23 м/с.
Атырау облысы
Күндіз солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең шығыста тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Шығыста өрт қаупі өте жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысы
Батысы мен солтүстігінде тұман және көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда да түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысы
Солтүстігі мен батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман, жел екпіні 15-28 м/с. Павлодар қаласында да желдің екпіні 15-28 м/с.
Жетісу облысы
Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Талдықорғанда жел екпіні 15 м/с шамасында болады.
«Қазгидромет» тұрғындарға ауа райының қолайсыз жағдайларына дайын болуды және сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.