Тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіби мереке қарсаңында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев спорт саласы қызметкерлерін марапаттап, олардың салауатты өмір салтын дамытуға және насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті.


Салтанатты іс-шара олимпиада резервінің облыстық және республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің жұмысы мәселелері жөніндегі кеңес шеңберінде өтті.


Оның айтуынша, мектептердегі кадр мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Мектеп-интернат-колледждерде үздік жаттықтырушылар мен әдіскерлер жұмыс істеуі тиіс.

Дәурен Абаев сондай-ақ мектеп-интернат-колледждерге оқушыларды қабылдау кезінде бақылауды күшейтуді, жоғары сынып және колледж спортшыларының нәтижелеріне жүйелі талдау жасауды, сондай-ақ қаржылық жағдай мен білікті мамандардың болуын ескере отырып, спорт түрлерін оңтайландыруды қарастыруды тапсырды.
