Дәурен Абаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесті

19 Тамыз 2023, 00:17
805
Бөлісу:
Дәурен Абаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесті
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын, интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Дәурен Абаев атап өткендей, ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты екі елдің көшбасшылары арасындағы сенімді, шынайы және өте белсенді диалогты сипаттайды. Бұл тұрғыда РФ Президенті Владимир Путиннің ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қазақстанға күзге жоспарланған ресми сапарына үлкен мән беріледі.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін алдағы іс-шаралардың кестесі де талқыланды.

Кездесу соңында Сергей Лавров Дәурен Абаевтың Ресейдегі дипломатиялық жұмысына сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы