Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыға жұмыс сапары барысында мемлекеттік қолдауға ие болған бірнеше киножобаның түсірілім жұмыстарымен танысып, режиссерлермен кездесті, деп хабарлады BAQ.KZ.
МСМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кинопродюсерлер министрге «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи фильмінің трейлерін көрсетіп, туындының 2023 жылдың басында кинотеатрлардан көрсетілетін жеткізді.
Картинаның негізгі сюжеті ақын өмірінің соңғы тоғыз жылына негізделген. Фильмнің актерлік құрамында Досжан Жанботаев, Ерік Жолжақсынов, Асан Мәжит, Анна Старченко, Нұркен Өтеулов, Ержан Нұрымбет, Досхан Жолжақсынов, Фархад Махмудов және басқалары бар.
Дәурен Абаев «Хош иісті жүрек» көркем фильмінің түсірілім алаңына да барды. Режиссер Максим Кодаровтың дебюттік толықметражды еңбегі абьюзер азаматтың өмірі туралы әлеуметтік тақырыпты қамтиды.
Одан бөлек, министр режиссер Дильшат Рахматуллиннің «Ашина. Көкбөрілер туралы аңыз» фильмнің кейіпкерлерін аниимациялау және монтаж жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, министр белгілі режиссер Әділхан Ержановтың «Мүйізтұмсық» фильмінің түсірілім алаңына барды. Картина Алматы облысында түсіріліп жатыр. Басты рөлдерде Берік Айтжанов пен Анна Старченко ойнайды. Әділхан Ержановтың фильмдері Канн, Венеция, Локарно, Роттердам, Брюгге, Стокгольм, Пусан сияқты «А» класындағы халықаралық кинофестивальдерде таныстырылып жүр. Оның азиялық «Оскар» деп аталатын беделді Asia Pacific Screen Awards – 2019 сыйлығын жеңіп алған Қазақстандық тұңғыш режиссер екенін атап өткен жөн.